COVID-19: Францияда жалпыұлттық локдаун жарияланды

Коронавирустың мутацияланған штамының таралуы өршуіне байланысты Францияда жалпыұлттық карантин енгізу туралы шешім қабылданды. Елдің 19 өңірінде жарияланған карантин режимі енді мемлекеттің барлық өңірінде күшіне енеді.

Бұл туралы ел президенті Эмманюэль Макрон халыққа телеарна арқылы жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

«Наурыз айында Францияның 19 департаментінде жарияланған карантин режимі енді елдің барлық өңірлерінде күшіне енетін болады», – деді мемлекет басшысы.

Макронның айтуынша, бұл шектеулер кем дегенде төрт аптаға созылады.

Франция басшысы карантин режимі елдің барлық өңірінде жариялануына коронавирустың британдық штамының таралуы күшейіп кетуі себеп болғанын айтты. Одан бөлек, президент ел билігі қоғамдық тәртіпті қадағалауды да күшейтетінін мәлімдеді. Бұдан былай карантин шектеулері алынғанша, адамдардың бір жерде топтасуына жол берілмейді.

«Біз жеке адамдардың сақтық шаралары арқылы осыған дейін қол жеткізген нәтижемізді бұзуына жол бермейміз. Бақылау мен санкция қатаңдатылады», – деп атап өтті ол.

 

Back to top button