Саңырауқұлақ құрамынан коронавирусты өлтіретін заттар анықталды

Aspergillus тұқымды зең саңырауқұлақтарының құрамында коронавирустың көбеюі мен белсенділігін тоқтата алатын заттар бар. Бұл туралы «Известия» ресейлік және шетелдік ғалымдарға сілтеме жасап хабарлады.

Мамандар белгілі бір концентрацияда вирусқа қарсы әсер ете алатын бес қосылысты таңдады. Алайда, аз мөлшерде олар тиісті әсер етпейді.

«Біз Aspergillus саңырауқұлақтарын зерттедік. Бұл өкпені зақымдайтын саңырауқұлақтар. Алайда, дәрі-дәрмектерді қолдану кезінде микоз қаупі жоқ»,-деді Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің Дәрі-дәрмектерді компьютерлік модельдеу ғылыми-зерттеу зертханасының бастығы Владимир Потемкин.

Сарапшылар SARS-CoV-2-ге қарсы табиғи микробтық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Молекулаларды одан әрі оңтайландыру нәтижесінде жанама әсерлері аз  препараттар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, ғалымдар қолданыстағы дәрі-дәрмектерді коронавирусты емдеуге пайдалану мүмкіндігін зерттеуде.

Back to top button