Елбасы: бұған дейін дағдарыстар болды

Елбасы: бұған дейін дағдарыстар болды

Елбасы: бұған дейін дағдарыстар болды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде Елбасы, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Біз мәдени-гуманитарлық дамумен бірге бір-бірімізден көп нәрсе үйрене аламыз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соның арқасында біз жастарды жаһандық деңгейде дамытуға мүмкіндік аламыз», - деді Елбасы. Сонымен қатар Н. Назарбаев корнавирус пандемиясының салдарына тоқталып, әлем елдері қиындықтарға тап болғанын атап өтті. «Бұған дейін дағдарыстар болды. Алайда пандемияның салдары әлдеқайда қатты болып тұр», - деп атап көрсетті Назарбаев. Бүгінгі саммит барысында ҚР Тұңғыш Президенті өзін Түркі кеңесінің құрметті төрағасы ретінде сайлағаны үшін ұйымға мүше елдердің басшыларына алғысын айтты.