Елбасы: бұған дейін дағдарыстар болды

Бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде Елбасы, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біз мәдени-гуманитарлық дамумен бірге бір-бірімізден көп нәрсе үйрене аламыз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соның арқасында біз жастарды жаһандық деңгейде дамытуға мүмкіндік аламыз», – деді Елбасы.

Сонымен қатар Н. Назарбаев корнавирус пандемиясының салдарына тоқталып, әлем елдері қиындықтарға тап болғанын атап өтті.

«Бұған дейін дағдарыстар болды. Алайда пандемияның салдары әлдеқайда қатты болып тұр», – деп атап көрсетті Назарбаев. Бүгінгі саммит барысында ҚР Тұңғыш Президенті өзін Түркі кеңесінің құрметті төрағасы ретінде сайлағаны үшін ұйымға мүше елдердің басшыларына алғысын айтты.

 

Back to top button