Ораза кезінде вакцина салдыруға бола ма?

Ораза кезінде вакцина салдыруға бола ма?

Ораза кезінде вакцина салдыруға бола ма?
ашық дереккөзі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болатынын мәлімдеді. «Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл бұл сауалға ресми түрде жауап берді. Ол осы кезеңде Ораза ұстаған адамдар оразасын бұзбай коронавирусқа қарсы екпені салдыра алатынын айтты. Яғни СOVID-19-ға қарсы екпені алу Ораза ұстау шарттарын бұзбайды», деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.