Дубайда қазақтың екі боксшысы додаға түспек

3 сәуірде Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Айтулы жарыста Қазақстанның қос бірдей белді былғары қолғап шебері өнер көрсетеді. Шаршы алаңда 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (17 нокаут) Жанқош Тұраров өзіне тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental нұсқасының алтын белбеуін сақтап қалу үшін ұлыбританиялық Тайрон Маккенмен күш сынасады. Тұманды Альбион елінің өкілі де осал боксшы емес. Ол осы күнге дейін 24 мәрте рингке шығып, 21 рет (6 нокаут) мерейі үстем болды. Екі жекпе-жекте ұтылып, тағы бір бәсекеде тең түсті.

Сондай-ақ, Дубайдағы кәсіпқой бокс кешінде Тұрсынбай Құлахмет те (2-0, 1 КО) өз өнерін ортаға салады. Қандасымыз күні бүгінге дейін қарсылас шыдатпай келген венесуэлалық Эбер Рондонмен (20-0, 13 КО) жұдырықтасады.

 

Back to top button