TÚRKISTAN телеарнасы іске қосылды

TÚRKISTAN телеарнасы іске қосылды

TÚRKISTAN телеарнасы іске қосылды
ашық дереккөзі
Наурыз мерекесі қарсаңында таңғы 7-ден бастап túrkistan те­­леарнасы «Отау ТВ» ұлттық спут­ник­­тік желісі және кабельдік желі­лер арқылы қалың көрерменге жол тарт­­ты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­­сырмасы бойынша құрылған ха­лық­аралық  Túrkistan телеарнасы түркітілдес мем­­лекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тіл­де хабар тарататын арна болмақ. Телеарна күн сайын өзекті ақпарат­тар мен қызықты бағдарламалар,  теле­хи­­­каялар мен деректі фильмдер топ­та­ма­сын назарларыңызға ұсынады.  Атап айт­қанда, Salem  таңғы ақпараттық-сауық­тық бағдарламасы, Túrkistan times жаңа­лықтар топтамасы, «Ғибрат», «Әп­сана», «Жан сарайы», «Бетперде» секілді көрер­менге берері мол бағдарламалар да өз көрерменін күтеді. Túrkistan телеарнасы түркітілдес ел­дер арасындағы ақпарат алмасу мен біре­гей ортақ медиа кеңістік қалып­тас­тыру­ға алтын көпір болады деген жос­пар бар.