Илон Маск өзінің болашақ қаласына қандай адамдар қажет екенін айтты

Илон Маск өзінің болашақ қаласына қандай адамдар қажет екенін айтты

Илон Маск өзінің болашақ қаласына қандай адамдар қажет екенін айтты
ашық дереккөзі
Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск өзінің болашақ Старбэйз қаласына (Starbase) мыңдаған адамды тартуға ниетті. Бұл туралы кәсіпкер өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. "Жұлдызды базаға немесе Техастың Браунсвилліндегі ең ірі ауданға қоныс аудару туралы ойланыңыздар. SpaceX-ке инженерлер, техниктер, құрылысшылар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсететін қызметкерлер қажет", - деді Маск. Кәсіпкер алдағы екі жылда қала халқы бірнеше мың адамды құрайтынын  атап өтті. Сондай-ақ, ол Кэмерон округіндегі мектептерге 20 миллион доллар және Браунсвилль қаласына 10 миллион доллар қайырымдылық жасағанын айтты. Масктың айтуынша, болашақта жаңа қала жақын маңдағы Браунсвилль халықаралық әуежайымен жоғары жылдамдықты автомобиль туннельдері арқылы байланысуы мүмкін. Еске сала кетейік, америкалық кәсіпкер жеке қаласының құрылысына кіріскені жайлы наурызда мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, жаңа қаланың аумағы SpaceX ғарыш айлағы орналасқан Бока Чика ауылынан едәуір үлкен болады.