"Олар ерлік жасады". Суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған студенттер марапатталды

"Олар ерлік жасады". Суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған студенттер марапатталды

"Олар ерлік жасады". Суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған студенттер марапатталды
ашық дереккөзі
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жақында елордадағы Ақбұлақ өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған физика-техникалық факультетінің бірінші курс студенттері Мағжан Сұлтанов пен Диас Камаловқа алғыс білдіріп, марапаттады. «2021 жылдың 26 наурызында Диас пен Мағжан ерлік жасады. Кешке университеттен шыққан кезде, жігіттер арна жақтан көмек сұраған дауысты естіп, сол жерде суға батып жатқан 8-9 жасар баланы құтқарып қалды. Олар сол сәтте еш ойланбастан көмекке асығып, баланы судан шығарып алды.⠀  width= Әрбір адам күнделікті өмірде, отбасыда, оқуда, жұмыста ерекше жағдайға тап бола алады. Жағдай болмашы да болуы мүмкін, бірақ бұл әрекет адам мен оның қадір-қасиетін сипаттайды. Мағжан мен Диастың әрекеті – батылдық. Студенттерімізге көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Жас ұрпаққа үлгі бола отырып, болашақта өз ісінде жоғары білікті маман, Отанымыздың нағыз патриоты болатынына сенімдімін» дейді Ерлан Сыдықов.  width=