Жаңалықтар

"Олар ерлік жасады". Суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған студенттер марапатталды

ашық дереккөзі

"Олар ерлік жасады". Суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған студенттер марапатталды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жақында елордадағы Ақбұлақ өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған физика-техникалық факультетінің бірінші курс студенттері Мағжан Сұлтанов пен Диас Камаловқа алғыс білдіріп, марапаттады. «2021 жылдың 26 наурызында Диас пен Мағжан ерлік жасады. Кешке университеттен шыққан кезде, жігіттер арна жақтан көмек сұраған дауысты естіп, сол жерде суға батып жатқан 8-9 жасар баланы құтқарып қалды. Олар сол сәтте еш ойланбастан көмекке асығып, баланы судан шығарып алды.⠀