Жаңалықтар

Астанада 7 223 нысан заңдастырылды

ашық дереккөзі

Астанада 7 223 нысан заңдастырылды

Астанада 35 млрд теңгенің 7 223 нысаны заңдастырылды. Жалпы, заңдастыру бойынша 103,8 млрд теңгені құрайтын 7 867 өтініш түскен, деп хабарлайды astana.gov.kz. Ондағы мәліметтер бойынша, құны 1,1 млрд теңгелік 10 нысан бойынша бес арнайы декларация және құны 0,5 млрд теңгені құрайтын ҚР аумағында орналасқан заңды тұлғаға қатысу үлесін заңдастыру бойынша декларация ұсынылған. Шетелдегі мүлікті жария ету бойынша 0,5 млрд теңгелік 11 нысан бойынша декларация тапсырылған. Сондай-ақ, ҚР аумағынан тыс орналасқан құны 6,3 млн теңгелік үш заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі заңдастырылды. Қаражат заңдастыру мәселесіне тоқталсақ, жалпы сомасы 458,2 млрд теңгені құрайтын 406 арнайы декларация тапсырылған, соның ішінде шотқа енгізбей 82,5 млн теңге заңдастырылды, 8,2 млн теңге мөлшерінде 10 пайыз алым төленді. Сонымен қатар, 8,1 млн теңгені құрайтын құнды қағаздар заңдастырылған.