Жаңалықтар

Университет кітапханашысы паравелоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

ашық дереккөзі

Университет кітапханашысы паравелоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми кітапханасының инклюзивті ақпараттық-ресурстық орталығының үйлестірушісі Гүлһая Жуашбаева Ақтолқын Бұқарбаевамен бірге паравелоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. Ел біріншілігі 26 наурызда Тараз қаласында өтті. Жарысқа 13 жұптан 26 спортшы қатысты. Спортшылар тандемде 7,5 шақырым қашықтықты бағындырды.