Мысықты ұрып өлтірген ер адам 3 жылға сотталды
Мысықты ұрып өлтірген ер адам 3 жылға сотталды
Ресейдің Самара қаласында сот жергілікті тұрғынды мысықты өлтіргені үшін нақты мерзімге соттады. Ол үш жылын қоныс колониясында өткізеді. Бұл туралы аймақтық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.
Тергеу мен сот 2020 жылдың 8 желтоқсанында ішімдік ішкен жергілікті тұрғын әйелімен ұрысқанын, жанжал кезінде жануарды еденге бірнеше рет лақтырып, қабырғаға ұрғанын анықтады. Мысық қатты соққыдан өлген. Оқиға көрші бүлдіршіннің көз алдында болған. Ер адам РФ Қылмыстық Кодекстің 245-бабы бойынша кінәлі деп танылды ("жас баланың қатысуымен жануарға қатыгездік жасау").
Сонымен қатар, Самара тұрғыны 2020 жылдың 24 желтоқсанында жасалған ұрлық үшін 200 сағаттық міндетті жұмысқа кесілді. Айыпталушы досының пәтерінен жалпы сомасы 13 мың рубль болатын екі телефон, планшет және азық-түлік өнімдерін ұрлаған.