Асыл ағамыз ұлы еңбегін мемлекетіміздің мәртебесіне айналдырып кетті – Аида Балаева

Асыл ағамыз ұлы еңбегін мемлекетіміздің мәртебесіне айналдырып кетті – Аида Балаева

Асыл ағамыз ұлы еңбегін мемлекетіміздің мәртебесіне айналдырып кетті – Аида Балаева
ашық дереккөзі
Қазақ елі тағы бір төбесі биік тарланынан айырылды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева көрнекті сәулетші, Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлихановтың қазасына байланысты желіде осылай деп көңіл айтты. «89 жасқа қараған шағында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, танымал мүсінші, белгілі архитектор Шот-Аман Уәлихан ағамыз дүние салды. Сөз жоқ, бүгін осынау орны толмас қайғыға Шот-Аман ағамыздың отбасы, айнала-жақындарымен бірге оның тарихи тұлғасын әспеттеген бүкіл қазақ елі ортақтасып жатыр. Өйткені, асыл ағамыз бойындағы бар ілім-білімі, тума таланты, зиялы болмысымен Ұлт келбетін айшықтаған ұлы еңбегін ұрпақтар еншісіне байлап, мемлекетіміздің мәртебесіне айналдырып кетті. Оның жарқын бейнесі ел есінде мәңгілік сақталады. Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта болсын!»,-деп жазды министр Facebook -тегі парақшасында.