COVID-19: Әлемнің 23 елінің басшылары ғаламдық келісімге келуге шақырды

COVID-19: Әлемнің 23 елінің басшылары ғаламдық келісімге келуге шақырды

COVID-19: Әлемнің 23 елінің басшылары ғаламдық келісімге келуге шақырды
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен 23 мемлекеттің басшылары әлем елдерін пандемияға қарсы күрес бойынша ғаламдық келісімге қол қоюға үндеді. Олардың арасында Ұлыбритания, Германия, Франция және Солтүстік Корея секілді елдер бар.
Орталық Азияның жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, құжатта бірде-бір мемлекет пандемияны өз бетімен жеңе алмайтыны айтылған. Сол себептен бастамашылар өзара ақпарат алмасу және профилдік зерттеу нәтижелерімен бөлісуді ұсынып отыр. Әлемдік көшбасшылар коронавирус Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен проблема болып отырғанын, тек бір-бірімен ақпарат алмау арқылы ғана нәтижеге жете алатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек вакциналарды шығару және халыққа тездетіп екпе жүргізу маңызды екені айтылған. Айта кетейік, пандемия басталғалы бері әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 128 миллионнан асса, індеттен қайтыс болғандар қатары 3 миллионға жуықтады.