40 жастағы Георгий Цурцумия бозкілемге қайта оралды

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Алматыда өтетін Азия чемпионаты мен лицензиялық турнирге қатысатын балуандар тізімін жариялады. Балуандардың арасында 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Георгий Цурцумия да бар. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үлкен спортпен қоштасып, биыл 40 жасқа толған Георгий Цурцумия соңғы жылдары ұлттық құрамада бапкерлік қызмет атқарған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарына жолдама беретін құрлықтық турнир  9-13 сәуір аралығында Алматыда өтеді.

Бұл жарыста төрт салмақта Олимпиада жолдамасына төмендегі балуандар таласады:

67 келі: Мейіржан Шермаханбет

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

97 келі: Олжас Сырлыбай

130 келі: Георгий Цурцумия

Лицензиялық турнирден соң күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады.

Аталған чемпионатта грек-рим күресінен келесі балуандар бақ сынайды:

55 келі: Жансерік Сәрсенбиев

60 келі: Айдос Сұлтанғали

63 келі: Сұлтан Әсетұлы

67 келі: Алмат Кебіспаев

72 келі: Азат Садықов

77 келі: Демеу Жадыраев

82 келі: Евгений Поливадов

87 келі: Азамат Күстібаев

97 келі: Ерұлан Ысқақов

130 келі: Әлімхан Сыздықов

Back to top button