Атырауда 4-ші қабаттан құлаған бала тірі қалды

Атырауда 4-ші қабаттан құлаған бала тірі қалды

Атырауда 4-ші қабаттан құлаған бала тірі қалды
ашық дереккөзі
Атырауда бес жасар бала 4-ші қабаттан құлап кетіп, аман қалған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 10-нан астам бала құлаған. «Терезенің ашық қалуынан 2-7 жас аралығындағы балалар жиі құлайды. Өйткені, олар терезенің алдында ойнау қауіпті екенін ескермейді. Ал ата-аналар осындай жастағы балаларды қараусыз қалдырады. Мәселен, 27 наурызда бес жасар бала 4-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Ата-анасы баланы терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр.