Коронавирус: елімізде «британдық штамның» 12 жағдайы анықталды

Қазақстанға Шарм-эль-Шейх пен Дубайдан әуе рейсімен келген 8 адамнан коронавирустың «британдық штамы» табылды, – деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығы.

«Орталықтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19 оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді. SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасына бұл сынамалар Қазақстан Республикасының 14 өңірінен алынды. Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан «британдық штамм» генотипін анықтады. 12 штамның 8 жағдайы Шарм-ел-Шейх (Египет) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылды», – делінген хабарламада.

Орталықтың мәліметінше, қазіргі уақытта бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамдары көп байқалуда.

«Британдық штамның» генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылды. Бұл вирус шетелден келген азаматтардан таралған болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Back to top button