Ата-анасын сағынған: Таразда әскерден қашқан сарбаз табылды

Ата-анасын сағынған: Таразда әскерден қашқан сарбаз табылды

Ата-анасын сағынған: Таразда әскерден қашқан сарбаз табылды
ашық дереккөзі
Таразда 4 тәулік бұрын нөмірі 85-395 әскери бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз табылды. Ол қаладан 60 шақырым қашықтықта жатқан Ақыртөбе ауылының маңындағы малшылардың қоражайын паналапты. Сарбаз бұл әрекетін ата-анасын сағынғандығымен түсіндірді. «Ақыртөбе ауылында малшы болып жүрдім, тамақ, үй бәрі тегін. Күндігіне береді, 3-4 мың теңге тауып, ата-анама сыйлық алып, үйге барып, қайтып келемін деп ойладым. Енді қателік жасамаймын, Отан алдындағы борышымды атқарам», – қатардағы жауынгер Нұрасыл АРЫСБАЕВ. АstanaTV арнасының ақпаратынша, аймақтағы әскерилерді аяғынан тік тұрғызған қатардағы жауынгер Нұрасыл Арысбаев наурыздың 25-інен 26-на қараған түні әскери бөлімнен қашқан. Шымкентті бетке алған, адасып қалып, Алматыға қарай жаяу жүре берген. Ақыртөбе ауылына жеткен соң малшыларға жалданып жұмыс істепті. Жауынгерді іздеуге өңірде 19 топ құрылған. Бұл оқиғаға байланысты қазір тексеру амалдары жүргізілуде. Соның нәтижесімен қашқын сарбазға қандай жаза қолданылатыны белгілі болмақ. «Оған қатысты процессуалды іс шаралар жүргізу үшін іс құзырлы органдарға тапсырылды. Айыппұл және гаупвахтада ұстау жөнінде оған әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін», – деп атап өтті 85-395 әскери бөлімі командирінің орынбасары Бауыржан ДҮЙСЕНБАЕВ.