Неміс туристер қазақстандық полицейлерге шағымданды (видео)

Неміс туристер қазақстандық полицейлерге шағымданды (видео)

Неміс туристер қазақстандық полицейлерге шағымданды (видео)
ашық дереккөзі
Неміс туристері Қазақстандағы жемқор полицейлерге шағымданды. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы жазды. Елімізге саяхаттап келген отбасылық жұпты жол бойы полицейлер себепсіз тоқтатып, ақша талап етіп, әбден әбігерге салған көрінеді. AstanaTV арнасының хабарлауынша, Германия азаматтары Лаура мен Ульрих УАЗ автокөлігімен әлемді саяхаттауға шыққан. Бүкіл Еуразияны аралап өтіп, АҚШ-қа дейін жеткен. Сапар барысында Қазақстанға да жол түскен. Өкінішке қарай, саяхатшылар Қазақстан дегенде тек «пысықай» полицейлер еске түсетінін айтады: шетелдік номерлі көлікті көре салысымен түрлі сылтауды алға тартып, бірден автокөлікті тоқтата берген, онысымен қоймай пара талап еткен. «Бізді не себепті тоқтаттыңыз?» деп сұрағанымда, өйткені «сіз жол жүріп келесіз» деп жауап беретін. Иә, басқа мыңдаған көліктер сияқты жол жүргенім рас. Курс бағамы қанша болғаны есімде жоқ,  шамамен 10 мың теңгедей сұрайтын. Ақыр аяғында саудаласуды үйрендік», - дейді саяхатшы Ульрих. Ішкі істер министрлігі туристердің 2019 жылдың жазында еліміздің аумағында болғанын растады. Алайда, саяхатшылардан ешқандай арыз-шағым түспеген. Бүгінгі таңда ІІМ Жеке қауіпсіздік департаменті арнайы тексеріс жүргізуде. ІІМ баспасөз хатшысы Айгерім Оразалиева ішкі істер органдары қызметкерлерінің тарапынан болған қандай да бір құқықбұзушылық әрекеттері туралы 1402 сенім номері немесе «Police 102» қосымшасы арқылы бірден хабар беру керегін еске салды. https://youtu.be/tX1kkDq7Q0w