Аяжан Еділованың өліміне қатысты тың дерек: күдікті мектепті «Алтын белгімен» бітірген

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің жеке басына қатысты бірқатар тың дерек анықталды.

AstanaTV арнасының хабарлауынша, күдікті Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында небәрі екі жыл оқыған.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Фармация факультетінің деканы Қанат Дәуренбековтің айтуынша, Рахманберді Төребеков аталған оқу орнына 2012 жылы грантқа оқуға түскен. Фармацевтика мамандығы бойынша білім алып жүрген студент екінші курстан соң академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылған.

«Оқудан шығарылған себебі – сабаққа дұрыс қатыспаған. Пәндер бойынша сабақтарға жіберілмеген, өзінің жауапсыздығынан осындай жағдайға келген.  Ал енді мінезіне келетін болсақ, өте салмақты. Әріптестерімен, құрбы-құрдастарымен немесе оқытушылармен жанжалдасқан кезі болған емес», – дейді декан.

3aba5ef9 0207 4e9e a398 32ea9c9e184f

28 жастағы күдікті Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылының тумасы. Ол сондағы жалпы орта мектепті 2010 жылы «Алтын белгімен» бітірген.

Күдікті Рахманберді Төребековтің ата-анасы мұғалім болған. Жаушықұм ауылы әкімінің айтуынша, ерлі-зайыптылар қазір зейнетте. Екі жылдан астам уақыт бұрын Түркістанға қоныс аударыпты. Олардың үш перзенті бар.

Back to top button