31 наурыз: тарихқа таңбаланған маңызды оқиғалар

31 наурыз: тарихқа таңбаланған маңызды оқиғалар

31 наурыз: тарихқа таңбаланған маңызды оқиғалар
ашық дереккөзі
1995 жылы 31 наурызда алғаш рет Ұлттық банктің мемлекеттік сақтау қоймасына «Балқаш-ЛТД» тау-кен компаниясының алғашқы алтын құймасы жеткізілді. 1995 жылы «Қазпошта» әлемдік мәдениет қайраткерлері мен ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған пошталық маркаларды шығарды. 1998 жылы Қазақстанда Президенттің қолдауымен Қазақ ұлттық музыка академиясы (ҚазҰМА) құрылды. 2011 жылы Вашингтонның «Carnegie Institution for Science» танымал ғимараттарының бірінде «Kazakh Cinema Evenings» қазақстандық кинофестивалі ашылды. Фестивальдің бірінші күнінде танымал қазақстандық режисер Рүстем Әбдірашевтің қазақ халқының толеранттылығы туралы баяндайтын «Сталинге сыйлық» атты фильмі көрсетілді. 2015 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске 70 жыл» атты естелік монетасы шығарылды. Номиналы – 500 теңге. 2016 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысында Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік және таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі қабылданды. 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Ұлттық музейінің қорына Шығыс Қазақстан облысындағы қорғандардан табылған 968 археологиялық ескерткішті тапсырды. 2017 жылы ФИДЕ Президент кеңесінде 17 жастағы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік International Master (ерлер арасындағы халықаралық шебер) атағын алды. Ол Қазақстан шахматшыларының арасында алғашқылардың бірі болып International Master дәрежесін иеленді. 2018 жылы Алматы облысының Райымбек ауданы: Кеген ауданы (орталығы - Кеген ауылы) және Райымбек ауданына (орталығы - Нарынқол ауылы) бөлінді. 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға (пандемияға байланысты) және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады. Президент дағдарысқа қарсы сегіз шараны ұсынды.
  • Біріншісі – инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялау.
  • Екіншісі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндерге 42500 теңге көлемінде төлеу.
  • Үшіншісі – тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатарын көбейту.
  • Төртіншісі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзарту.
  • Бесіншісі – шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босату.
  • Алтыншысы – «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыс істегісі келетін азаматтарға жалақысына қосымша 85 мың теңге төлеу.
  • Жетіншісі – ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету.
  • Сегізінші – барлық шараларды орындау үшін Үкімет пен Ұлттық банк барлық қажетті қаражат көздерін пайдалана алады.