Түркістандық 13 оқушы «Елбасы медалімен» марапатталды

Түркістандық 13 оқушы «Елбасы медалімен» марапатталды

Түркістандық 13 оқушы «Елбасы медалімен» марапатталды
ашық дереккөзі
Бұл жобаға 11 мыңнан астам қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшы қатысқан болатын. Жоба аясында қатысушылар спорттағы дайындығын жетілдіріп, ұлттық мұраны зерттеген. Әлемдік және қазақ әдебиетінің шығармаларымен танысып, еңбек практикасынан өткен. Сондай-ақ, елдің әр түкпіріне барып, Қазақстан тарихына үңіліп, волонтерлік қызметте белсенділік танытқан. Жарты жыл көлемінде өздерінің табандылығын танытып, шығармашылығын шыңдады.  width= Жан-жақты ізденген жеңімпаз шәкірттер нәтижесін көрсетіп, оқ бойы оза шапты. Олардың қатарында Некрасов атындағы №9, Ататүрік атындағы №17, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназияларының, Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейінің, Ж.Жабаев атындағы №11, Б.Момышұлы атындағы №22, Н.Төреқұлов атындағы №8 және Ә.Науаи атындағы №13 жалпы орта мектептерінің оқушылары бар. Қала әкімі Рашид Аюпов Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры іске асырған «Ел үміті» жобасының жеңімпаздарын медаль, төсбелгі және алғыс хатпен марапаттады. Айта кетейік, айтулы жоба былтыр шілде айында даму бағдарламасын көздеген 7 бағыт бойынша басталған еді: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, саяхат пен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Қатысушылар үш деңгейді таңдап, әр бағыт бойынша белгілі бір қызметті орындауды көздеді.