31 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

31 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

31 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» мамандары 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 31 наурыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде жауын-шашын болып, оңтүстік-шығыста нөсер жауын жауады. Республиканың батыс және солтүстік аймақтары жоғары атмосфералық қысым аумағында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, күндіз оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, болады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жееді, екпіні 25 м/с болады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақмола, Алматы, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, Түркістан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.