Танзания президентімен қоштасу рәсімінде 45 адам мерт болды

Танзания президентімен қоштасу рәсімінде 45 адам мерт болды

Танзания президентімен қоштасу рәсімінде 45 адам мерт болды
ашық дереккөзі
Танзания президенті Джон Магуфулимен қоштасу рәсімі кезінде елдің ең үлкен қаласы Дар-эс-Саламдағы стадиондағы кептелістен 45 адам қаза тапты. The Citizen газетінің хабарлауынша, оқыс оқиға кезінде тағы 37 адам жарақат алған. «Адамдар стадионға бекітілген маршрутты айналып өтуге тырысқандықтан қайтыс болды», – деді Дар-эс-Саламның арнайы полиция аймағының қолбасшысы Ласаро Мамбосаса Джон Магуфули 17 наурызда 61 жасына қараған шағында Дар-эс-Саламның ауруханасында қайтыс болған еді. Президентті жерлеу рәсімі елде 6 күн бойы өтті. Айта кетейік, Магуфули Танзанияда коронавирус бар екенін жоққа шығарып келген еді. Ол ел билігі вакцина сатып алуды көздемейтінін айтқан. Президент танзаниялықтарды аурумен күресу үшін үш күн бойы дұға етуге шақырған.