Баспасөз хатшысы президенттің киім таңдаудағы ұстанымдарын айтты
Баспасөз хатшысы президенттің киім таңдаудағы ұстанымдарын айтты
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің киім таңдаудағы ерекшеліктері жайлы айтып берді.
Кремльдің ресми өкілімен сұхбат барысында "Аргументы и факты" басылымының журналистері "Мемлекет басшысы сән трендтерін қадағалай ма және оның жеке дизайнері бар ма?" деп сұрады.
Песковтың айтуынша, Путин сәнге қызығушылық танытпайды және киімге аса мән бермейді. Сондықтан оның көпшілік алдына киіп шығатын костюмдері мен жейделері бір-біріне ұқсас.
"Алайда тайгада жейдемен, бәтіңкемен жүре алмайсың, онда өте суық. Президент өзі баратын орынға сәйкес киінеді",- деп түсіндірді баспасөз хатшысы.
Песков сонымен қатар Путиннің жеке сәнгері жоқ екенін атап өтті.