«Қаллеки» театрының қоржыны Құнанбай бейнесімен толықты

«Қаллеки» театрының қоржыны Құнанбай бейнесімен толықты

«Қаллеки» театрының қоржыны Құнанбай бейнесімен толықты
ашық дереккөзі
Абылай хан, Зере, Абай сынды дара тұлғалармен ерекшеленетін «Қаллеки» театрының репертуары Құнанбай бейнесімен толықты.  width= Наурыздың 29, 30, 31  күндері  театрдың жаңа сахнасында осынау ауқымды қойылымның премьерасы өтеді. Тәуелсіздіктің және «Қаллеки» театрының 30 жылдығына орай сахналанған Таласбек Әсемқұловвтың «Құнанбай» драмасының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы суретшісі – Қанат Мақсұтов. Құнанбай бейнесін сахнада үш құрамда - Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, актер Нартай Сауданбекұлы сомдайды.