Түркістан облысында коронавирус ауруларын анықтаудың аралас түрлерін енгізу ұсынылды

Түркістан облысында коронавирус ауруларын анықтаудың аралас түрлерін енгізу ұсынылды

Түркістан облысында коронавирус ауруларын анықтаудың аралас түрлерін енгізу ұсынылды
ашық дереккөзі
Коронавирусқа ұқсас ауруларға, атап айтқанда, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға ерекше назар аудару қажет. Барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың белсенді өсуі байқалатындықтан, Түркістан облысында ПТР тестілеумен қатар КВИ ауруларын диагностикалаудың аралас түрлерін енгізу ұсынылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында Ахуалдық-талдау орталығы тарапынан Covid-19 байланысты эпидемиологиялық жағдайы, мобильді топтар қызметінің тиімділігі және жыл басынан бері Түркістан облысындағы жалпы криминогендік жағдайға талдау жасалды. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының ахуалдық-талдау орталығының басшысы баяндады. Мәжілісте ПТР тестілеумен қатар коронавирусты диагностикалаудың аралас түрлерін енгізу арқылы халық арасында қауіпті індеттің өсуінің нақты көрінісін анықтауға болатындығы айтылды. Ол үшін ауруды анықтаудың әртүрлі жолдарын қолдану ұсынылды. Атап айтқанда, медициналық мекемелерде компьютерлік томография әдісі мен рентген және қан сараптамалары секілді диагостика түрлері қосымша тексерілетін болады. Сондай-ақ, мобильді топтардың жұмысының тиімділігі мен аудандарда COVID-19 инфекциясы мен коронавирус белгілері бар пневмонияның таралуы арасындағы байланыс көрсетілді. Нәтижесінде ұсынымдар шығарылды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына аталған талдау қорытындысын негізге алып, әрекет етуді тапсырды. Сонымен қатар, өңірдегі СOVID-19 жұқтыруды таратпау жөніндегі мобильді топтардың тиімділігі, тексерілген нысандар мен айыппұл салынған субъектілер саны қарастырылды. Ахуалдық-талдау орталығының сараптамасы негізінде жасалған облыстағы жалпы криминогендік жағдай қаралды. Жыл басынан бері облыстық полиция департментінен келіп түскен жедел ақпараттық мониторингке сәйкес 1915 оқиға тіркелген.  Бұл мәліметтер Түркістан облысының 3 қаласы мен 13 ауданы туралы ақпаратты қамтиды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл оқиғалар саны 28,4%-ға азайғанын көрсетті. Отырыста назар аударуды талап ететін жайттарды жою және азайту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.