Атырау облысының Қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысының Қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысының Қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен Азамат Серікболұлы Сәлімбаев Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Азамат Сәлімбаев 1985 жылы 20 шілдеде Шығыс-Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы болып  бастаған. 2008-2020 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігінде эксперттен бастап басқарма басшысына дейін түрлі қызметтер істеген. 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін Атырау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыс әкімінің кеңесші болған.