Әлия Назарбаева қандай вакцина салдырғанын айтты
Әлия Назарбаева қандай вакцина салдырғанын айтты
Қоғам қайраткері, Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы екпе алды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында вакцина салдыру сәтінен сурет жариялады.
⠀
"Вакцинация туралы әрқилы пікір бар және әркім өзі шешім қабылдауға құқылы. Демалыста болдым, Қытай вакцинасын салдырдым, өзімді жақсы сезінемін", - деп жазды Әлия Назарбаева Instagram-да.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дариға Назарбаева қандай вакцина салдыратынын айтқан еді.