Пандемиямен күресу үшін зейнеткерлердің қаржысына қол салынбақ

Пандемиямен күресу үшін зейнеткерлердің қаржысына қол салынбақ

Пандемиямен күресу үшін зейнеткерлердің қаржысына қол салынбақ
ашық дереккөзі
Экономиканы ынталандыру және пандемияны еңсеру үшін Франция билігі ел зейнеткерлерінің жинаған қаржысын пайдаланбақ. Bloomberg дерегінше, пандемия кезінде Франция зейнеткерлері 100 миллиард еуродан (110 миллиард доллар) астам қаражат жинаған. Елдің қаржы министрі Бруно Ле мэрдің айтуынша, карантиннің соңына қарай зейнеткерлердің артық жинағы 200 миллиард еуродан асуы мүмкін. Локдаун кезінде француздарға бөлінген мемлекеттік көмектің көп бөлігі олардың шоттарында жинақталып, бос жатып қалғанын алға тартқан үкімет ел экономикасын қалпына келтіру үшін оларды пайдалану керек деген пікірде. Қазір Франция заңы бойынша ата-аналар балаларына 131 865 еуро бере алады, бұл қаржыға 15 жыл бойы салық салынбайды. Зейнеткерлер үшін салықсыз аударымдар әр 15 жыл сайын 63 730 еуромен шектеледі. Үкімет артық жинақ салығын арттыруды жоспарлап отырған жоқ. Айта кетейік, наурыздың басында Франция билігі елде індеттің үшінші толқыны белең алғанын мәлімдеді. 20 наурыздан бастап 16 департаментте, оның ішінде ел астанасында да төрт апталық локдаун енгізілді.