COVID: Қазақстан «қызыл» аймаққа енді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта. Ал Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті.

Еске сала кетсек, Қазақстанда бір тәулікте 1 445 адам коронавирус жұқтырды. Ең көбі Алматы қаласында 545 адам. Елімізде 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазір емдеу мекемелерінде 24 180 адам короновирус инфекциясынан ем-дом алып жүр.

 

Back to top button