Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы сән байқауында топ жарды (видео)

Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы сән байқауында топ жарды (видео)

Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы сән байқауында топ жарды (видео)
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында қазақстандық бойжеткен жеңіске жетті деп хабарлайды "Хабар 24". Сеулдегі қазылар алқасы 30 жастағы Дана Қабылтаеваны ақылы көркіне сай ару деп танып, 5 мың доллардан асатын сыйақы табыстаған. Айта кетейік, Дана Осыдан 10 ай бұрын тұңғышын дүниеге әкелген. Ол төрт жыл бұрын алмасу бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяға келген. Осында болашақ жұбайымен танысқан. Дана бүгінде ағылшын тілінен сабақ береді. Оны модельдер байқауына қатысуға құрбылары көндіріпті. "Ұлтыңыз кім деп сұрайды? "Қазақ" деп жауап бергенде: "осындай бет келбеті бола ма?" деп таң қалады. Яғни, бізде Еуропа мен Азияға тән нышандар араласып кеткен. Сондықтан оларға өте сұлу болып көрінетін шығармыз", - дейді байқау жеңімпазы Дана Қабылтаева. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқауға өзге елдерден модельдер келе алмаған. Сол себепті, подиумге Кореяда тұрып жатқан шетелдіктер шыққан. Қазылар алқасы аруымыздың сұлулығымен қатар ән шырқауы мен корей тілін қаншалықты жақсы білетінін бағалаған. "Дана ханшайым сән көрсетілімдерінде ерекше жеңілдіктерге ие болады. Оны Кореядағы түрлі ток-шоу мен бағдарламаларға шақырады. Киноға түсіп, жарнама моделі болуына мүмкіндігі бар", - дейді байқауды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ким Ин Бе.