Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер бүгін ел аймақтарында ауа райы қандай болатынын айтты

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер бүгін ел аймақтарында ауа райы қандай болатынын айтты

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер бүгін ел аймақтарында ауа райы қандай болатынын айтты
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 30-на арналған ауа райы болжамын жариялады. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан арқылы әлі де атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын және жаңбыр аралас қар жауады. Тек еліміздің батысы ғана жоғарғы атмосфералық қысым аумағында болғандықтан бұл өңірде жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте желмен қатар жаяу бұрқасын болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, жаяу бұрқасын болады. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, Жамбыл облысында көктайғақ болады. Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінің кей жерлерінде тұман түсіп, түнде Қызылордла облысында көктайғақ болуы ықтимал.