Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі желтоқсанда өтуі мүмкін

Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі желтоқсанда өтуі мүмкін

Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі желтоқсанда өтуі мүмкін
ашық дереккөзі
Орта салмақта бірнеше нұсқа бойынша чемпион қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен осы салмақтағы WBA чемпионы Дэниель Джейкобс арасындағы жекпе-жек желтоқсан айында өтуі мүмкін", - деп хабарлайды Allboxing.ru BoxingScene.com. Бұл жекпе-жек Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) жарақат (Лиам Смитпен болған кездесуден алған) алуына байланысты болғалы отыр. "Канело" 10 желтоқсанға жоспарлаған жекпе-жекке қатыса алмайды. Ал оның жекпе-жегін тікелей эфирде таратуы тиіс болған телеарналар енді бұл кездесу эфирін Головкин мен Джейкобске беруі мүмкін екен. Нью-Йоркте Джейкобстың есімі жақсы танымал болғандықтан, ал Головкин бірнеше рет сол қалада кездесулер өткізгендіктен, жекпе-жектің осы қалада өтуі ақылға қонымды делінеді. Madison Square Garden және Barclays Center ареналары 10 желтоқсанға әзірше бос тұр. Бірақ спорт сарапшыларының көпшілігі Головкин үшін Джейкобс оңай олжа болмақ деген пікірде.