Барак Обаманың әжесі өмірден өтті

Барак Обаманың әжесі өмірден өтті

Барак Обаманың әжесі өмірден өтті
ашық дереккөзі
АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың әжесі Кенияда 99 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды CapitalFM жергілікті радиосы. Сара Обама – Барак Обаманың атасының үшінші әйелі. Туған әжесі болмаса да АҚШ-тың бұрынғы президенті оны туғанындай көріп, "Сара әже" деп атаған. Соңғы рет Барак Обама 2018 жылдың шілдесінде әжейдің Когело ауылындағы үйіне арнайы барып, жағдайын біліп қайтқан. Кейуана Кисуму қаласының ауруханасында қайтыс болды. Кенияның экс-премьері Раила Одинга Сара Обаманы Кениялық әйелдердің "тұрақтылығы мен өзіне деген сенімділігінің символы" деп атады. Ол немересінің беделін аймақтағы қыздардың оқуы мен білім алуына ықпал етуге пайдаланды. Барак Обама 1961 жылы Гавайи штатының астанасы Гонолулуда дүниеге келген және ешқашан Кенияда тұрмаған. Оның ата-анасы, америкалық азаматша Стэнли Энн Данхэм және кениялық Барак Хусейн Обама 1964 жылы ажырасқан, содан кейін болашақ президенттің әкесі отанына оралып, онда мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Үлкен Обама 1982 жылы жол апатынан қайтыс болды.