Сәкен Майғазиев: Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып түнімен ұйықтай алмай шығам

Сәкен Майғазиев: Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып түнімен ұйықтай алмай шығам

Сәкен Майғазиев: Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып түнімен ұйықтай алмай шығам
ашық дереккөзі
Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев өзіне жала жауып, «жемқор» деп айыптағандар заң алдында жауап беретінін ескертті. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында «Бір адам бір мұсылман жайында ол жасамағанды жасады деп жала жапса, жалаға ұшыраған адам оны кешіргенге дейін Алла тағала оны тозаққа тастайды» деген хадистен мысал келтіре отырып былай деп жазды: «Бюджет бекіткен қаржы әлі бөлінген жоқ, қолымызға бір тиын да тиген жоқ», деп соқырға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіріп жатсаң да түсінбейтіндердің көп екені жүрегімді ауыртады. Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып түнімен ұйықтай алмай шығам. Рухымды көтеріп, сенім білдіріп жатқан жандарға Алла тағала бар жақсылықты нәсіп етсін. «Түлкінің қызылдығы өзіне сор», дегендей, «жасыл» аймақтағы жалғыз қала болған соң назарға ілінуіміз де заңдылық. Әйтпесе, (мен келгенге дейін де) мәдениетке бөлінетін жылдағы қаржы осы. Сәл сабыр сақтаңыздар. Құзырлы органдар тексеріп, журналистер жіті қадағалап, блогерлер бақылап барлығының ақ-қарасын ажыратып береді. Ал, жария түрде жер жаhанға жар салып, маған жала жауып, «жемқор», тонады», деп негізсіз, дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін».
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)