Чехияның ең бай азаматы әуе апатынан қаза тапты

Чехияның ең бай азаматы әуе апатынан қаза тапты

Чехияның ең бай азаматы әуе апатынан қаза тапты
ашық дереккөзі
Чехияның ең дәулетті азаматы, PPF Group компаниясының негізін қалаушы әрі Home Credit банкінің иесі Петр Келлнер Аляскада әуе апатынан қайтыс болды. Alaskasnewssource-тың хабарлауынша Келлнер мінген тікұшақ Кник мұздығы ауданында апатқа ұшыраған. Петр Келлнер 56 жаста болған. Әуе апатынан Келлнерден басқа тағы 4 адам мерт болды. Тек бір адам ғана аман қалыпты. Қайғылы оқиға 27 наурызда болған. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз, тергеу жалғасуда. "Біз қазір қалпына келтіру кезеңіне көшеміз. Қалдықтарды қалпына келтіруге тырысамыз. Біз мұны қар жауғанша істеуге асықтық, содан кейін келесі аптада қайтадан қарастырамыз", - дейді NTSB аймақтық бас тергеушісі Клинт Джонсон. Forbes-тің бағалауынша, Петр Келлнер қаржылық жағдайы 17,5 млрд долларды құрайды.