«БАЛАЛАР ТҮНГІ ҚАЛАДА» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«БАЛАЛАР ТҮНГІ ҚАЛАДА» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«БАЛАЛАР ТҮНГІ ҚАЛАДА» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылдың 16 - 20 қырқүйек аралығында ішкі істер органдары құқық бұзушылықтын алдын-алу жұмыстарын жандандыру үшін республика аумағында «Балалар түнгі қалада» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді деп хабарлайды ІІМ Баспасөз қызметі. Іс-шараның негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар қылмыстарының алдын алу, кәмелетке толмағандардың қылмыстық топтарын  анықтау және оларды жою, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау. Аталған іс-шара мүдделі органдар, қауымдастықтар,  «Нұр Отан» ХДП, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау органдары өкілдердің қатысуымен өткізілді. Іс-шара өткізілген бес күн аралығында, әкімшілік жауапкершілікке 900 астам ересек адам тартылды, оның ішінде ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 465 адам,  түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерсіз болғаны үшін 77 кәмелетке толмаған, он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және  темекi бұйымдарын сату фактісі бойынша 99, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатқаны үшін 125 адамға әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылды.