Президентті балағаттаған ер адам бас бостандығынан айрылды

Президентті балағаттаған ер адам бас бостандығынан айрылды

Президентті балағаттаған ер адам бас бостандығынан айрылды
ашық дереккөзі
Белоруссияда ер адам президентті көпшілік алдында қорлағаны және бұзақылық жасағаны үшін 1 жыл 1 ай мерзімге сотталды. Бұл туралы республиканың Могилев облыстық прокуратурасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.  "Бобруйск прокуратурасы сотта Беларусь Республикасының президентін көпшілік алдында қорлады және бұзақылық жасады деп айыпталған жергілікті тұрғын К.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады. Мемлекеттік айыптаушының ұсынысы бойынша Бобруйск ауданы мен Бобруйск қаласының соты К.-ға қатысты үкім шығарды. Оған жаза ретінде бір жыл бір ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ведомствоның мәліметінше,  ішімдік ішкен 50 жастағы ер адам 2020 жылдың 16 тамызында үйінен ұялы телефон арқылы ІІМ-нің арнайы желісіне қоңырау шалып, кезекшімен сөйлескен кезде мемлекет басшысын қорлайтын балағат сөздер айтқан.