Ермахан Ибраимов AIBA-да жаңа қызметке тағайындалды

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) комиссиясының мүшесі атанды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Директорлар басқармасының дауыс беру нәтижесі бойынша Ермахан Ибраимов чемпиондар және ардагерлер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі атанды. Сонымен қатар, Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді.

Back to top button