Түрмеде бір жыл жазықсыз отырған ер адам байып шыға келді
Түрмеде бір жыл жазықсыз отырған ер адам байып шыға келді
Мальтаның кінәсіз тұрғыны кәмелетке толмаған қызына жыныстық зорлық жасады деген жалған айыппен бір жыл түрмеде отырғаны үшін қаржылай өтемақы алды. Бұл туралы Newsbook басылымы хабарлады.
2011 жылы сот Эммануэль Камиллериді кәмелетке толмаған қызына зомбылық көрсеткені үшін кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығынан айырды. Ол апелляциялық шағым бергенімен сот үкімді өзгерткен жоқ.
Кейін оның қызы анасының өтініші бойынша полиция мен сотқа өтірік айтқанын мойындады. 2015 жылы сот қызды жалған куәлік бергені үшін кінәлі деп тапты.
Осыдан кейін ер адам сот арқылы жалған айып үшін мемлекеттен өтемақы талап етті. Алдымен сот Камиллериді бұл талабын орындаудан бас тартты, алайда кейінірек оның талабының заңдылығын мойындады.
Нәтижесінде Мальта тұрғыны өтемақы ретінде 23,2 мың еуро (11,5 млн теңге) алды.