Айырбас: Мадуро вакцина ұсынған елге мұнай жеткізіп бермек

Венесуэла президенті Николас Мадуро коронавирусқа қарсы вакцинаның ақысын мұнаймен өтеуді ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Саясаткердің айтуынша, Венесуэлада вакцинаны алудың бірнеше әдісі бар — елден «ұрланған» қаржы арқылы немесе препаратты мұнайға алмастыру.

Сондай-ақ, Мадуро екпеге қол жеткізудің тағы бір тәсілі ретінде әлемдегі ең кедей елдеріне вакцинаны таратуды көздейтін COVAX халықаралық бағдарламасын атады.

Айта кетейік, бұдан бұрын жергілікті бақ Николас Мадуроның  ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырғанын хабарлаған. Венесуэла президенті бұл вакцинаны әлемдегі ең қауіпсіз екпе деп атады, өйткені препарат денені қорғаудың жоғары деңгейін көрсетеді.

Back to top button