Түркістанда «Яссы» футбол клубы құрылады

Түркістанда «Яссы» деген атпен жаңа клуб құрылмақ, деп хабарлайды KazFootball.kz.

KazFootball.kz-тің хабарлауынша, «Яссы» командасы Бірінші Лигада өнер көрсетеді және аталған клубты Шайзидин Кенжебаев жаттықтырады. Бапкер команда сапына қазақстандық тәжірибелі ойыншыларды шақыруды көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, түркістандық тағы бір клуб – «Тұран» командасының ойыншылары жаңа маусымнан бастап Премьер-лигада ойнайды.

Back to top button