Алдағы үш күнде елімізде күн күрт суытады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандардың сөзінше, 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Қазақстанда күн суытады.

Синоптиктердің сөзіне сүйенсек, Мәскеу аудандарынан келетін антициклон Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі. Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, кей жерлерде жауын-шашын көп мөлшерде түседі.

Сонымен бірге, республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Back to top button