Павлодарда қоқыс жәшігі қасынан 38 жастағы ер адамның денесі табылды

Ер адамды өлтіруде күдікті деп танылған 50 жастағы әйел қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«28 наурыз күні Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінің қасынан ішіне пышақ жарақаты салынған 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Ауыр қылмысты жасады деген күдікке ілінген 50 жастағы әйел ұсталды», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Аймақтық ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары басталып кеткенін қосып өтті. Қылмыс жасады деген күдікке ілінген әйел Павлодар қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

«Аталған қылмыстың мән-жайы соталды тергеу кезінде анықталады», – деп қосып өтті ведомстводан.

 

Back to top button