Болашақ көшбасшылар саммиті

Болашақ көшбасшылар саммиті

Болашақ көшбасшылар саммиті
ашық дереккөзі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы жаһандық хабында «Тұрақты дамудың мақсаттарын онжылдық жұмыс шеңберінде жүзеге асырудағы жастардың рөлі» атты болашақ көшбасшыларының ІІІ Саммиті өтті. Халықаралық «Болашақ көшбасшыларының Саммиті-2021. Ақыл алаңы» – Алматыдағы БҰҰ өкілдігіндегі Ақпараттық орталығының, ҚР СІМ өкілділігінің, «Helping Hand» халықаралық ұйымының, сондай-ақ Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың белсенді қолдауымен ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты және Біріккен Ұлттар Ұйымының «Жаңа Жібек жолы» моделінің хатшылығы ұйымдастырды. Саммит әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызметтер жөніндегі проректор, профессор Тілекқабыл Рамазановтың құттықтау сөзімен ашылды. Іс-шара барысында ҚазҰУ профессоры, ҰҒА академигі Мұхамбетқали Бүркітбаев, ҚР СІМ көпжақты ынтымақтастық басқармасының бастығы Дидар Теменов, БҰҰ Қазақстандағы Жаһандық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самек, БҰҰ Үндістандағы өкілі, UNITLABS бағдарламаларының аға үйлестірушісі Раджив Гулати, Венадағы Жаһандық азаматтық орталығы бағдарламаларының үйлестірушісі Джулия Циммерман, MDP Global Classroom бағдарламасының экс-директоры Рафис Абазов және тағы да басқалары саммитті ұйымдастырушыларға және қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты. Онлайн-саммит: «Covid-19 пандемиясына қарсы иммундау», «Сапалы онлайн-білім беру», «Гендерлік теңдік және әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту», «COVID-19 экономиканың жаңаруына әсері» және «онлайн-арандатуларды болдырмау» бағыттарындағы өзекті мәселелер бойынша көптеген елдердің 100-ден астам жас лидерлерін жинады. Шара барысында «Ойлау-дизайн» әдістемесі бойынша студенттер мен әлемдік сарапшылар пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Форум озық ойларымен, тәжірибелерімен, сындарлы іс-қимыл жоспарларымен және жобаларымен бөлісетін жастардың бастарын құрып, біріктірді. Естеріңізге сала кетейік, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына алдымен мүше болып кірді, содан кейін оның әлемдегі он жаһандық хабының бірі болды және көптеген халықаралық алаңдарда БҰҰ-ның жаһандық бастамалары мен Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға айтарлықтай үлесін қосты. Университет бұл құрметті және жауапты мәртебені 2014 жылдан бастап сақтап келеді. БҰҰ 8-ші Бас Хатшысының тікелей қатысуымен ҚазҰУ-де Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.