Құрылыс компаниялары өзара келісіп, пәтер бағасын қымбаттатып жіберген

Құрылыс компаниялары өзара келісіп, пәтер бағасын қымбаттатып жіберген

Құрылыс компаниялары өзара келісіп, пәтер бағасын қымбаттатып жіберген
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында монополияға қарсы орган тұрғын үй бағасын төмендетуге ықпал етті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Достар Май» ЖШС, «Сервис СМУ» ЖШС және «ВК Инвест Компани» ЖШС іс-әрекетінен коммерциялық тұрғын үйді сатудың қымбат бағасын белгілеу және қолдау бойынша келісілген іс-қимыл белгілерін көрді. Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының талаптарына сәйкес, үш құрылыс салушыға іс-әрекетінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені жайлы хабарлама жіберілді. Департаменттің барлық хабарламалары орындалды. Мысалы, «Достар май» ЖШС бір шаршы метрдің бағасын 350 мыңнан 280 мың теңгеге дейін төмендетті. Сонымен қатар, әзірлеушілер бәсекелестік туралы заңдардың одан әрі бұзылуына жол бермейтін шаралар қабылдайтындығына сендірді.