Таразда жезөкшелікті ұйымдастырып келген «жеңгетай» ұсталды

Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады.

«Стоп трафик» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып келген 48 жастағы әйелді ұстады.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады.

«Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 2 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 5 әйел қойылды.

Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Back to top button