Тұрғын үйді бақылауды күшейтті

Тұрғын үйді бақылауды күшейтті

Тұрғын үйді бақылауды күшейтті
ашық дереккөзі
«Бәйтерек» холдингінде жемқорлық іс-қимылдардың пайда болуын азайту үшін басты бизнес үдерістерді толық автоматтандыру енгізіледі, деп мәлімдеді «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен салушылар кеңесінде деп хабарлайды pm.kz. «Холдингтің алдына қазақстандықтарды қолжетімді тұрған үймен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Бағдарламаны іске асыру үшін алдағы 2 жыл ішінде республика бойынша барлығы 1,4 млн шаршы метр немесе 22,5 мың пәтер салу жоспарлануда. Аталған шараны іске асыруға шамамен 200 млрд теңге бағытталуда», - деді Қ. Өскенбаев. Қазіргі уақытта  еліміздің барлық өңірлерінде жалпы сомасы шамамен 140 млрд теңгеге 874 мың шаршы метр немесе 13 мың пәтер салуға шарттарға қол қойылған. Қ.Өскенбаев холдинг пен оның еншілес құрылымдарының міндеттеріне тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау ғана емес, процестердің толық ашықтығын бақылау кіретіндігін атап айтты. «Біздің басымды міндеттеріміздің бірі алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саясатын жүзеге асыру, сондай-ақ  мұндай құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты жүргізу болып табылады. Осыған байланысты  жақында бірқатар шаралар қабылданады»,- деп мәлімдеді Қ. Өскенбаев. Атап айтқанда, еншілес ұйым қызметкерлерінің, сондай-ақ әлеуетті және жұмыс жасап жатқан серіктестердің алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда жауапкершілігі енгізіледі. Жасалатын инвестициялау шарттарында  тараптар өкілдерінің сыбайлас жемқорлық іс-қимылына «нөлдік төзімділік» саясаты қарастырылатын болады. Бұдан өзге, холдинг адами факторды  болдырмау және  сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындау тәуекелдерін барынша азайту үшін басты бизнес процесстерді толық автоматтандыруды  енгізуге ниетті. Ол үшін  ағымдағы жылдың соңына дейін холдингтің және оның барлық еншілес компаниялары  тіркеліп және өтінім беруді жүзеге асыруға, оның мәртебесін бақылауға және жүзеге асырылатын бағдарламалар бойынша ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретін портал құрылады. «Перспективада аталған портал жұмыс жасайтын барлық серіктестермен қатар әлеуетті серіктестермен де «бір терезе» қағидаты бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуге арналған бірыңғай алаң болмақ», - деп баса айтты Қ. Өскенбаев. Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету үшін холдингте  ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін  құрылыс салушылар тарапынан шағымдар қабылдау үшін, оның ішінде анонимді «жедел желі» құрылатын болады. Сондай-ақ  холдингте баса айтып өткендей, холдингтің құрылыс компанияларының тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу кезінде  құрылыс-монтаждау жұмыстарының қазақстандық қамту 75%-дан кем емес деңгейдегі жобаларға басымдық берілетін болады.